20 Маус 2022
Жаңалыктар 48

АНЫҚТАМА

№48 орта жалпы білім беретін мектебінде жазғы мектеп жоспарына сай ұйымдастырылған «SUMMER CAMP» атты өткізілген шаралар бойынша

АНЫҚТАМА

17 маусым күні 5 – 8 сыныптар арасында «SUMMER CAMP» жазғы мектеп слеті өткізілді. Слет алдында мемлекеттік әнұраны орындалып, құттықтау сөз кезегін Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нүрия Мағауияқызы сөз сөйлеп, оқушыларға сәтті күн тіледі.

 Слеттің мақсаты: Жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақтау.  Дене шынықтыру арқылы оқушыларды салауатты өмір салтымен ұстануға тәрбиелеу. Оқушылардың мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.

 Жазғы мектептің жоспарына сай, дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен жазғы мектеп оқушылары мен сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі Деркөл маңына жорыққа шықты. Жорық барысында «Селекционный» мемлекеттік табиғи қорығын аралап, тамаша табиғат аясында демалды. Спорттық және музыкалық ойындар ойнады. Түскі астан кейін үйге қайтты. Осындай ерекшеліктерге толы қызықты жазғы мектеп слеті жоспарға сай, жоғары деңгейде өтті, алдына қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  

     

         

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі:                   Э.Н Айтаханова