08 Нау 2021
Контакты

Ұжымның іс-әрекеті

«Жемқорлық – ғасыр індеті» сынып сағаттары туралы

Анықтама

Мектебімізде 1-11 сыныптар арасында «Жемқорлық – ғасыр індеті» сынып сағаттары болып өтті. Мақсаты, оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;  «Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие қалыптастыру. «Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы» деген ұранмен сынып жетекшілер, оқушыларға адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімен жетуге тырысу керектігін жеткізді.

 

 

Анықтама беруші: А.Болатова


 Мектеп оқушыларына «Адалдық сағаты» дәрістерін өткізу туралы

Анықтама

Наурыз айында жоспарға сәйкес 8-11 сыныптардың қатысумен «Адалдық сағаты» болып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіндігі туралы адалдық сағатында кеңінен айтылды. Шараға мектеп инспекторы А. Рахметқали, ДТІЖО Н.Куратаева, мектеп психологі С.Хамитқызы қатысты. Мамандар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, видеороликтерге таныстырылымдар жасады.

 

 

Анықтама беруші:А.Болатова


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оздырылған «Пара берсең жазаланасың» атты 8 сыныптар арасында эссе жазу байқауы туралы

Анықтама

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Осы мақсатта оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастарын білу, пара алмауға деген жауапкершіліктерін арттыру көзделді. Эссе байқауына 8 оқушы ниет білдірді. Жеңімпаздар анықталып марапатталды.

 

 

Анықтама беруші: А.Болатова


Қайырымдылық жобасы аясында оздырылған «Мейірімді бол!» акциясы туралы

Анықтама

Жалпыұлттық жоба, Қайырымды істер марафоны аясында 8-11 сыныптардың қатысуымен «Мейірімді бол!» акциясы болып өтті. Мақсаты, оқушыларды мейірімділікке баулу, ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу. Оқушылар үйлерінен құстарға ұя жасап әкеліп, ағаш бастарына орналастырды. Осылайша қоршаған ортаға деген, аң-құстарға деген мейірімділіктерін көрсете білді. Қатысушы оқушыларға сертификаттар үйлестіріліп, еңбектері бағаланды. Акцияның мақсаты, Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірім–шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болуы үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс екендігін ұғындыру.

Анықтама беруші: А.Болатова


«Мейірімділік – жылулық шуағы» атты тренингі туралы

Анықтама

Мақсаты: Оқушылардың арасында жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.

Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Оқушылардыңэмоциялық көңіл-күйлерін көтеру. Балалардың өз өмірлеріне деген ынтасын арттыру.

Тренинг – сабақ сәлемдесуден басталды.. «Аяқталмаған сөйлем...» атты жаттығу жасады. Яғни оқушылар ақ кағазға «Мен армандаймын...», «Мен сенемін...», «Мен ұмтыламын...» деген сөйлемдерді аяқтап, әрқайсысы кезекпен оқыды.Тренинг соңында «Ағаш тілегі» суретін салып, бір – біріне, сыныптастарына, барша адамзатқа тілектер жазды. Оқушылар тілектерді мектебіне, ұстаздарына арнады. Барлық тілектер шын жүректен, таза ниетпен жазылған. Жалпы тренинг қызықты, көңілді өтті, оқушылар белсенді қатысып, жақсы сезіммен кетті. Тренингті мектеп психологі С.Хамитқызы жүргізді.

Анықтама беруші:А.Болатова

Аты Жүктеу
1 Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы  .pdf
2 Білім беру мекемесінде ақша жинауға тыйым салу туралы .pdf
3 №48 ЖОББМ мұғалімдерінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 831 бұйрықпен танысқандығы жөнінде қосымша .pdf